Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

12.02.2025

Нұралы Әліп РПЛ қысқы кубогын жеңіп алды

Нұралы Әліп РПЛ қысқы кубогын жеңіп алды

РПЛ қысқы кубогының финалдық ойыны өтіп, онда мәскеулік «Спартак» пен Санкт-Петербургтің «Зенит» командалары кездесті.

Достық турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) «Әл Нахайян» стадионында өтіп, «Зениттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның өзінде-ақ петербургтіктер үш гол соқты: Луис Энрике (16-минут), Вендель (28-ші) және Матео Касьерра (32-ші). «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп 74-минутта алаңға шықты.

Осылайша «Зенит» РПЛ қысқы кубогының жеңімпазы атанды. Турнирге Ресей премьер-лигасының алты клубы қатысты: «Зенит», «Спартак», «Динамо», «Ростов», «ЦСКА» және «Краснодар».


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»