12.02.2025
Ски-альпинизм: Қазақстан құрамасы финалға шықты
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында ски-альпинизмнен аралас жұптық сында финалға шыққан командалар белгілі болды.
Қазақстан құрамасы (Нияз Жанзақов пен Әсем Назырова) іріктеуде 9-сатыға тұрақтап, ақтық сынға жолдама алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 18:15.36 секунд.
Финал бір сағаттан соң басталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов