13.02.2025
13 ақпанда кімдер жарыс жолына шығады?
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Бүгін, 13 ақпан, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алтыншы жарыс күні.
Қазақстандық спортшылар керлинг, хоккей, биатлон және мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерінен сынға түседі.
Назарларыңызға Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыс кестесін ұсынамыз.
06:00. Керлинг, әйелдер: Гонконг — Қазақстан
11:00. Керлинг, ерлер: Қазақстан — Гонконг
07:00. Хоккей, ерлер. Жартылай финал: Қазақстан — Қытай
11:00. Хоккей, әйелдер: Қытай — Қазақстан
07:00. Биатлон, әйелдер. Эстафета, 4х6 шақырым: Ольга Полоторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова, Елизавета Белецкая
10:00. Биатлон, ерлер. Эстафета, 4х7,5 шақырым: Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев
10:00. Мәнерлеп сырғанау, әйелдер. Еркін бағдарлама: София Фарафонова, Софья Самоделкина
14:30. Мәнерлеп сырғанау, ерлер. Еркін бағдарлама: Диас Жиренбаев, Михайл Шайдоров
Тікелей көрсетілімдерді Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.
Айта кетейік, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындары 14 ақпанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи