2 күн бұрын
Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді

Фото: ҰОК
2025 жылдың 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz ақпараттық агенттігі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 40 елден 1500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Медальдар стенд және оқ ату түрлері бойынша сарапқа салынады.
Жарыстар Shymkent Shooting Plaza ату спорт кешенінде өтеді.
