2 күн бұрын

Павлодарда әлем чемпионатының күміс жүлдегері министрліктен сот арқылы сыйақысын өндіріп алды

Павлодарда әлем чемпионатының күміс жүлдегері министрліктен сот арқылы сыйақысын өндіріп алды

Фото: Павлодар МАӘС

Павлодарда гір көтеруден әлем чемпионаты күміс жүлдегері ҚР Туризм және спорт министрлігінен сот арқылы сыйақысын өндіріп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл іс мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. 

2019 жылдың қараша айында Павлодарлық М. (62 жас) Сербия Республикасында өткен гір көтеруден әлем чемпионатында екінші орын алды.

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай ынталандырулар төлеу және оларды қайтару қағидаларына сәйкес жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар беріледі, оларды Спорт Министрлігі төлейді.

М. сыйақы алуға құқығы бар екенін білмеген, ал Министрлік төлемдерді уақытында төлемеген.

Министрлік М.-ның төлем жасау туралы өтінішіне ақшалай төлемдерді жүзеге асыру туралы өтініш беру мерзімін өткізіп алуына байланысты бас тартумен жауап берді, осыған байланысты М. сотқа жүгінді.

Сот белсенді рөл аясында татуластыру рәсімін жүргізді, оның барысында судья алдын ала құқықтық пікірін білдірді, одан кейін тараптар татуласуға келді, оның талаптары бойынша Министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті төлемдерді төлеуге міндеттелді.

Министрліктен түскен жауапқа сәйкес, М.-ға 700 мың теңгеден астам тиісті сыйақы аударылған.

Чемпионның құқығы қалпына келтірілді. Сот актісі заңды күшіне енді.

Eindhoven Cup: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Бокс 46 минут бұрын

Eindhoven Cup: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футболдан әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 10-ға жетті

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 10-ға жетті

Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Футбол 10 сағат бұрын

Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Футбол 11 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футбол 13 сағат бұрын

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты