4 сағат бұрын
«Астана» велокомандасы бүгін Бельгиядағы турнирде сынға түседі

Фото: SprintCycling
Қазақстандық «XDS Astana Team» велокомандасы Бельгияда өтетін біркүндік «Брюссель велоклассикасы» жарысына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 8 маусым өтетін дүбірлі додада отандық клубтың намысын жеті шабандоз қорғайды.
Команда құрамы: Макс Кантер, Майк Тёниссен, Алессандро Ромеле, Микеле Гадзоли, Флориан Каямини және XDS Astana Development Team командасынан екі велошабандоз – Глеб Сырица мен Густав Ванг.
Спорт директорлары: Лоренцо Лапаж, Сергей Яковлев.
