18 сағат бұрын

Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Фото: ҰОК

Анталья қаласында (Түркия) садақ атудан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жекелей сайыста Қазақстан құрамасының атынан Адель Жексембинова ең үздік нәтиже көрсетті.

Спортшы блоктық садақ атудан тоғызыншы орынға ие болды. Роксана Юнусова 17-орыннан көрінсе, Виктория Лян 33-орын алды.

Ерлер арасындағы осы бағдарлама түрінде Андрей Тютюн мен Ақбаралі Қарабаев 17-орынға табан тіреді. Бунед Мирзаметов 33-орында аяқтады.

Классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин 17-орынға ие болды. Дәулеткелді Жаңбырбай мен Дастан Кәрімов 33-орыннан көрінді, ал Әлихан Мұстафин 73-орын алды. Самира Жұмағұлова жарысты 33-орында аяқтаса, Диана Тұрсынбек - 65, Мадина Заемова - 71-орында тұрақтады.

Сондай-ақ, еліміз бұл кезеңде командалық жарыстарда да сынға түсті.

Блоктық садақ ату

  • Ерлер - тоғызыншы орын
  • Әйелдер - тоғызыншы орын
  • Аралас құрам - тоғызыншы орын

Классикалық садақ ату

  • Ерлер - сегізінші орын
  • Әйелдер - тоғызыншы орын
  • Аралас құрам - алтыншы орын
Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол 53 минут бұрын

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Футбол 2 сағат бұрын

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Футбол 8 сағат бұрын

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Басқа 11 сағат бұрын

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Футбол 12 сағат бұрын

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Басқа 12 сағат бұрын

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді