1 күн бұрын
2 дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев Қазақстан рекордын орнатты

Токио-2020 және Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Тараз қаласында өтіп жатқан VII Спартакиада ойындарында топ жарды, деп хабарлады Sport12.kz
59 келі салмақта сынға түскен спортшы 180 келілік штанганы көтеріп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 2024 жылы Париж Паралимпиадасында 54 келіде жүлдеге таласып, 188 келіні көтерген болатын.
Айта кетейік, Давид Дегтярев — Қазақстан тарихындағы тұңғыш екі дүркін Паралимпиада чемпионы.
