2 күн бұрын

Волейбол: Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Волейбол: Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Фото: instagram / avcnationscup

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогындағы жеңісті сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирдегі төртінші кездесуінде Қазақстан Иранды тізе бүктірді. Бұл матчта волейболшыларымыз 3:1 (25:14, 25:18, 22:25, 26:24) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша отандастарымыз дүбірлі додадағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін Ришат Гилязутдинов шәкірттері қарсылас шақ келтірмей, Жаңа Зеландия (3:0), Моңғолия (3:1) және Индонезиядан (3:0) басым түскен еді.

Турнирдің барлық ойынында жеңіске жетіп, 12 ұпай жинаған ұлттық команда B тобында жеке дара көш бастап тұр.

Енді ел құрамасы жарыстағы келесі матчын ертең, 12 маусым күні Филиппинге қарсы өткізеді.

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Хоккей 5 сағат бұрын

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Футбол 10 сағат бұрын

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Басқа 11 сағат бұрын

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Футбол 11 сағат бұрын

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

Бокс 12 сағат бұрын

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 12 сағат бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты