1 күн бұрын
Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

ҚР Спорт комитеті
Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додаға 15 елден 300-ге жуық спортшы келді. Аталған жарыста еліміздің атынан Мария Бровкова, Дінмұхаммед Шынқожаев, Богдан Яценко, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Руслан Федотов, Анна Емельяненко, Вероника Трапезникова, Ульяна Иванова, Малика Тұрсын
Эвелина Костенко, Ольга Сурмина сынды белгілі шеберлер сайысқа түседі.
Айта кетсек, биыл мамыр айында Наньчанда (Қытай) байдарка мен каноеде есу спортынан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 12 жүлдеге қол жеткізді. Азия чемпионатында қазақстандық төрт спортшы алтын медаль алды.
Командалық есеп бойынша Қазақстан екінші орынға табан тіреді. Бірінші орын Қытайға бұйырса, үшінші орынға Иран жайғасты.
