19 сағат бұрын

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке қызметке келді

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке қызметке келді

Фото: ҚР Су спорты түрлері федерациясы

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин ҚР Су спорты түрлері федерациясының Бас хатшысы қызметіне келді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін, 13 маусымда ҚР Су спорты түрлері федерациясында кезектен тыс конференция өтті. Онда федерацияның Бас хатшысы қызметіне суға жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин келді. 

Қазірге дейін Бас хатшы қызметін атқарған Сергей Дроздовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Келесі кезекте конференция делегаттары Дмитрий Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

- Дмитрий Баландиннің тағайындалуын оның жоғары спорттық жетістігін мойындау ғана емес, федерацияны жаңарту мен институционалды нығайтуға бағытталған қадам деп санаймыз. Оның кәсібилігі мен беделі еліміздің су спорты саласының дамуына зор септігін тигізеді деген ойдамыз, - деп атап өтті федерация президенті Нұрлан Жақыпов.

Дмитрий Баландин - Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Олимпиада чемпионы. Сондай-ақ ол Азия ойындары мен көптеген халықаралық турнирде бірнеше дүркін жеңімпаз атанды. 2021 жылдан бері суға жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында бапкер және кеңесші қызметінде белсенділік танытып келеді. 

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Басқа 1 сағат бұрын

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Дзюдо 1 сағат бұрын

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Футбол 2 сағат бұрын

«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Дзюдо 3 сағат бұрын

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс 5 сағат бұрын

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды