15 сағат бұрын
Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Фото: Olympic.kz.
Таэквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасы Аустрияда өтетін «Austrian Open G-1» халықаралық жарысына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі дода 15 маусым күні жалауын көтереді. Оған әлемнің көптеген елінен барлығы 789 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
Халықаралық жарыста ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шығады. Сондай-ақ Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Артур Серік (54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Мерей Мәлік (74 келі), Мерген Ганиев (80 келі), Мейір Нұрғазин (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
