13 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирін сәтті бастады

Фото: қазақстан таэквондо федерациясы
14 маусым Аустрияда таеквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық додан 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.
Алтын
Пазылов Мирас (33 кг)
Қола
Сазазов Ралиф (49 кг)
Өмірәлі Әлихан (57 кг)
Бекжанқызы Айгерім (+68 кг)
Дүбірлі дода 15 маусым күні жалауын көтереді. Оған әлемнің көптеген елінен барлығы 789 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
