10 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында үш медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Садақ атудан Азия кубогының екінші кеезңінде қазақстандық спортшылар үш медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының қоржынына Сингапурдағы садақ атудан Азия кубогында 2 алтын жүлде түсті.
Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Қазақстан ерлер құрамасы финалда үндістандық спортшыларды 235:231 есебімен жеңлі. Ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет пен Буниед Мирзаметов қорғады.
Осымен Азия кубогының 2-кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама бәсекеде 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.
Алтын - Қазақстан ерлер құрамасы
Алтын - Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн (микст);
Қола - Қазақстан әйелдер құрамасы (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова).
