7 сағат бұрын
Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.
