14 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы Freestyle Chess Grand Slam турниріне шақырту алды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемнің ең беделді турнирлерінің бірі — Freestyle Chess Grand Slam додасына ресми шақырту алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлемнің таңдаулы гроссмейстерлері қатысатын жарыстың тізімінде Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура сынды шахмат жұлдыздары бар.
Айта кетейік, Бибісара ерлермен тең дәрежеде сынға түсетін үшінші әйел шахматшы атанбақ. Бұған дейін мұндай мәртебеге венгриялық Юдит Полгар мен қытайлық Хоу Ифань ие болған еді.
