12 сағат бұрын
Шри-Ланкада 20 жасқа дейінгілер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Шри-Ланканың Васкадува қаласында 20 жасқа дейінгілер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық дода 26 маусым мен 3 шілде аралығына жоспарланған. Онда спортшылар шахматтың классикалық, рапид және блиц түрлерінен сайысқа түседі. Жарысқа 15 елден 151 шахматшы қатысады.
Азия чемпионатында Аустралия, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Кувейт, Малайзия, Мальдив аралдары, Непал, Сингапур, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка бар. Олардың арасында 3 халықаралық шебер және әйелдер арасындағы 5 халықаралық шебер жүлдені сарапқа салады.
Аталған жарыста еліміздің атынан Жанбота Қамарова, Владислав Малыгин, Мария Холявко, Нұрсұлу Оразалина сайысқа түседі.
