4 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі халықаралық турнир жалғасып жатыр, деп хабарлады Sport12.kz.

Биылғы жарысқа Қазақстанның 14 өңірінен бөлек, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан, Моңғолия, Мажарстан, Польша елдерінің де спортшылары жүлдені сарапқа салып жатыр.

Турнирді шинкиокушинкай каратэ федерациясы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. 

Республикалық бәсекенің салтанатты ашылу салтанатына әлем чемпионатының абсолютті жеңімпаздары, Жапониядан келген Кембу Ирики, Михиро Судзуки және Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп арнайы келді.

«Дәстүрлі додамыз 25 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Өздеріңіз байқағаныңыздай, турниріміздің деңгейі жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның да әлемде өзіндік орны бар. Маусым айының басында ғана Жапонияда өткен 8-ші әлем чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте екінші орын алды. Осыдан-ақ еліміздегі бәсекелерге өзге мемлекеттердің қатысуға қызығушылығы артатыны анық. Қазақстан 2019 жылы жаһандық доданы қабылдап үлгерген. Сондықтан еліміз әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға қашан да әзір», - деп Шинкиокушинкай каратэ федерациясының вице-президенті Жомарт Айтқазы турнир жайлы айта кетті.

Сондай-ақ, ашылу салтанатында шинкиокушинкай каратэ федерациясы әлем чемпионы атанған Антон Зимаревқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.


Айта кетейік, «Astana Cup» турнирінің жеңімпаздары 29 маусымда анықталады.

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Басқа 4 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Басқа 5 сағат бұрын

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

Футбол 6 сағат бұрын

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футбол 7 сағат бұрын

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футболдан 14-тур ойындары басталады

Футбол 8 сағат бұрын

Футболдан 14-тур ойындары басталады