6 сағат бұрын
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды

Фото: olympic.kz
Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс барысында ұлдар мен қыздар 4-10 шілде аралығында Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жүлдені сарапқа салады. Құрлықтық додаға Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және Азияның өзге де 25 мемлекетінен 300-ден астам спортшы келді.
Еліміздің атынан құрлықтық додада 36 спортшыдан құралған құрама бақ сынайды. Бұл – чемпионатқа қатысып жатқан барлық елдер арасындағы ең ірі делегация.
Жарыс Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ережелеріне сәйкес өтеді. Дүбірлі додада 17-20 жас аралығындағы спортшылар жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша сынға түседі.
