7 сағат бұрын
Ушудан Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
1-орын
Бексұлтан Қоскенов (65 кг)
2-орын
Дияр Хамраев (90 кг)
Ислам Иминов (48 кг)
3-орын
Карим Иминжанов (56 кг)
Нұрислам Авутов (52 кг)
Расул Тұрғанжанов (75 кг)
Юлтуз Юлдашева (60 кг)
Карина Исмаилова (75 кг)
Осылайша, Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.
