6 сағат бұрын
«Дала қасқыры» фильмін қайдан көруге болады — «Сыншылар таңдауы – 2025» премиясының триумфаторы енді MEGOGO-да қолжетімді

Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» фильмі «Сыншылар таңдауы – 2025» кинопремиясында жеті бірдей марапатқа ие болып, абсолютті жеңімпаз атанды. Солардың қатарында:
– «Үздік драма-фильм»
– «Үздік режиссура»
– «Үздік сценарий»
– «Үздік операторлық жұмыс»
– Сондай-ақ басты рөлдер үшін марапаттар — Берік Айтжанов пен Анна Старченкоға табысталды.
Қазақ киноиндустриясы қарқынды дамып келе жатқан кезеңде «Дала қасқыры» фильмі отандық авторлық кинематографияның жаңа белесі ретінде бағалануда.
Режиссерлік нақтылығы, көркемдік тұтастығы мен идеялық тереңдігі бұл фильмді міндетті түрде көруге лайық туындыға айналдырады.
MEGOGO медиасервисы бұл фильмді «Кино және ТВ» жазылымы арқылы онлайн көруге ұсынады.
«Біз жергілікті киноның әлеуетіне сенеміз. Қазақстандық оқиғалардың жылдан-жылға мәдени өміріміздің маңызды бөлігіне айналып келе жатқанына қуаныштымыз. Осындай фильмнің біздің платформамызда қолжетімді болуы — біз үшін үлкен мәртебе», — деді MEGOGO Қазақстан компаниясының бас директоры Нұрлан Чукубаев.
«Дала қасқыры» фильмін MEGOGO медиасервисінде сілтеме арқылы көріңіз
