4 сағат бұрын
Ресейлік конькиші Голубева енді Қазақстанның намысын қорғайтын болды

Ресейлік спортшы Елизавета Голубеваға 2025 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат берді.
Әлем чемпионатының алты дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы болған Голубева ресми түрде Қазақстан құрамасының сапына өтті. Екі жыл бұрын ол Қазақстанға ауысуға өтініш берген, сол үшін Ресей тарапы оған міндетті «карантин» мерзімін қойған еді. Енді сол шектеу де аяқталды.
Бір қызығы, қанша атағы бар Ресейлік жұлдыз спортшы біздің елдің туын ұстап шығатын болды…
Бізде жас, өз спортшыларымыз жетіспей ме, әлде сырттан келетін «жұлдызға» сенеміз бе?
