6 сағат бұрын

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы екі медаль алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы екі медаль алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Матвей Макрушин елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Матвей қоссайыстың қорытындысы бойынша 331 (148+183) келіні бағындырып, жастар арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Өзбекстан өкілі Кудротбек Залимжонов 360 (169+191) келіні еңсеріп, алтын медальға ие болды. Ал түрікменстандық ауыр атлет Сулеймен Джафаров 327 (145+182) келі көтеріп, үшінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Санжар Жолтай 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 340 (155+185) келіні еңсерді. 

Бірінші орынды Сирия өкілі Касвара Джгили иеленді - 364 (164+200) келі. Екінші орынға өзбекстандық Омидолло Олимов жайғасты - 351 (161+190) келі.


Клубтық әлем чемпионаты – 2025 финалистері белгілі болды

Футбол 2 сағат бұрын

Клубтық әлем чемпионаты – 2025 финалистері белгілі болды

Видео шолу «ПСЖ» - «Реалды» 4:0 есебімен ұтып, финалға шықты

Футбол 2 сағат бұрын

Видео шолу «ПСЖ» - «Реалды» 4:0 есебімен ұтып, финалға шықты

«ПСЖ» «Реалға» қарсы ойында үш минут ішінде екі гол соқты

Футбол 3 сағат бұрын

«ПСЖ» «Реалға» қарсы ойында үш минут ішінде екі гол соқты

«ПСЖ» - «Реал» тікелей эфир

Тікелей эфирлер 3 сағат бұрын

«ПСЖ» - «Реал» тікелей эфир

ҚХЛ: «Барыстың» жаңа маусымға дайындық жоспары белгілі болды

Хоккей 6 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыстың» жаңа маусымға дайындық жоспары белгілі болды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы екі медаль алды

Басқа 6 сағат бұрын

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы екі медаль алды