1 күн бұрын

Астанада су спорты түрлерін дамыту мәселесі талқыланды

Астанада су спорты түрлерін дамыту мәселесі талқыланды

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, аустралиялық спортшы Стефани Райспен өткен кездесуде су спорты түрлерін дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, кездесуге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен Kazakhstan Aquatics вице-президенті Мират Өтепов қатысты.

Диалог барысында елімізде жүзуді дамытуға қатысты негізгі бағыттар сөз болды. Федерация өкілдері жаңа басқару командасының қалыптасуы туралы айтып, оның ішінде Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жүзу федерациясының бас хатшысы болып сайланғанын атап өтті.

Мират Өтеповтің айтуынша, Kazakhstan Aquatics жас спортшыларды дайындауға ерекше көңіл бөліп, халықаралық кеңесші-жаттықтырушыларды тартуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанда World Aquatics аясында ірі халықаралық турнирлер өткізу бастамасын талқылап, көпфункциялы «Барыс Арена» кешенін аралады.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда және елдер арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуда олимпиадалық қозғалыстың маңызды рөлін атап өтті.

“Біз диалог жүргізуге дайынбыз және әлемдік спорттың көшбасшы өкілдерімен тәжірибе алмасуға қызығушылық танытамыз. Мұндай кездесулер жекелеген спорт түрлерін ғана емес, сонымен қатар олимпиадалық қозғалыс аясында халықаралық қатынастарды нығайтуға да септігін тигізетініне сенімдіміз”, - деді Әлімжан Ақаев.

Қош бол Еуропа лигасы! «Ақтөбе» сол күйі «Легия» қақпасына гол соқпады

Футбол 3 сағат бұрын

Қош бол Еуропа лигасы! «Ақтөбе» сол күйі «Легия» қақпасына гол соқпады

Соққы бар, дәлдік жоқ: «Ордабасы» Конференция лигасынан сенсациялық түрде шығып қалды

Футбол 3 сағат бұрын

Соққы бар, дәлдік жоқ: «Ордабасы» Конференция лигасынан сенсациялық түрде шығып қалды

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футбол 4 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Футбол 4 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті

Футбол 8 сағат бұрын

Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды

Басқа 8 сағат бұрын

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды