5 сағат бұрын
Триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Малайзияның Кампар қаласында өтіп жатқан триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық сайыс 19-20 шілде аралығында болады.
Ел құрамасынан екі спортшы жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді. Жарыс барысында Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішпен чемпион атанды. Тағы бір отандасымыз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.
Айта кетейік, аталған жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда
