15 сағат бұрын

Семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды 

Семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Грузия астанасы Тбилиси қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды Sport12kz.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні найза және сапы сайыстары бойынша іріктеу бәсекелері өтті.

Семсерлесудің ерлер арасындағы найза бағдарламасында Қазақстан намысын Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семёнов және Никита Пономарев қорғады. Топтық кезеңнен Пономаревтен басқасының бәрі өтті. Алайда, одан кейінгі айналымдарда отандастарымызға сәттілік жетіспеді.

Нұрымов 1/128 финалда Израиль спортшысы Рой Розенфельдті 15:9 есебімен жеңгенімен, келесі айналымда француз Рафаэль Савиннен 5:15 есебімен ұтылып қалды. Қалиев Сингапур өкілі Чин Чун Вайды 15:8 есебімен басым түскенімен, кейін қытайлық Юфан Гуға 6:15 есебімен жол берді. Ал Тимофей Семёнов бразилиялық Пабло Мораистан 7:15 ұпаймен айласын асыра алмады.

Осылайша, найза жаттығуында бақ сынаған Қазақстан құрамасы 1/64 кезеңге жетпей, жарысты аяқтады.

Жалпы, әлем чемпионатына 79 елден үздік қатысушы жиналды.

Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстандық әйелдер құрамасы да жүлдеден тыс қалды

Басқа 13 минут бұрын

Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстандық әйелдер құрамасы да жүлдеден тыс қалды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан байдарка мен каноеде есуден кімдер қатысады

Футбол 17 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан байдарка мен каноеде есуден кімдер қатысады

«Қайрат» Чемпиондар лигасында есе жіберді

Футбол 12 сағат бұрын

«Қайрат» Чемпиондар лигасында есе жіберді

Семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды 

Басқа 15 сағат бұрын

Семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды 

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

Футбол 22 сағат бұрын

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

«Қайрат» Куопиода ойын алды жаттығуын өткізді (ФОТО)

Футбол 23 сағат бұрын

«Қайрат» Куопиода ойын алды жаттығуын өткізді (ФОТО)