13 сағат бұрын

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Румыниядағы турнирге қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Румыниядағы турнирге қатысады

Фото: Қазақстан ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы 25-27 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында өтетін World Challenge Cup турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, беделді бәсеке Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) күнтізбесіне енгізілген. Оған 42 елден 200-ге жуық спортшы қатысады. Дүбірлі додада еліміздің атынан сегіз спортшы сынға түседі. 

Турнир аясында Айбота Ертайқызы және Айым Мейіржанова жекелей сайыста бақ сынайды. Ал топтық жаттығуда Айда Хәкімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова, Мәдина Мырзабай ел намысын қорғайды. 

Қазақстандық спортшылар бұған дейін Сингапурда өткен Азия біріншілігінде жарыс жолына шыққан еді. Онда отандастарымыз топтық жаттығуда және жекелей сында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды. 

Сондай-ақ 18-25 тамыз аралығында Бразилияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарыс аталған дүбірлі дода алдындағы дайындық ретінде бағаланады.  



Григорий Бабаян: 26 шілдеде Молдоваға ұшуға мәжбүрміз

Футбол 8 сағат бұрын

Григорий Бабаян: 26 шілдеде Молдоваға ұшуға мәжбүрміз

Роберт Уиттакер: Шавкат Рахмоновты чемпион ретінде көруге асықпын

ММА/UFC 10 сағат бұрын

Роберт Уиттакер: Шавкат Рахмоновты чемпион ретінде көруге асықпын

Әртістік жүзуден отандастарымыз әлем чемпионы атағын сақтай алмады

Басқа 12 сағат бұрын

Әртістік жүзуден отандастарымыз әлем чемпионы атағын сақтай алмады

«Тұран» сапына сербиялық қорғаушы қосылды

Футбол 13 сағат бұрын

«Тұран» сапына сербиялық қорғаушы қосылды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Румыниядағы турнирге қатысады

Басқа 13 сағат бұрын

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Румыниядағы турнирге қатысады

Универсиада: Нұрқанат Серікбаев жартылай финалға жолдама алды

Дзюдо 13 сағат бұрын

Универсиада: Нұрқанат Серікбаев жартылай финалға жолдама алды