1 күн бұрын
Есбол Сұлтанов: шәкірттерім универсиадада сенімді ақтады

Фото: Телжан Күдеров
Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы XXXII Дүниежүзілік Универсиада ойындарын 1 алтын, 7 қола жүлдемен аяқтады. Sport12.kz тілшісіне таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов алдағы мақсаты мен жоспары жөнінде ой бөлісті.
- Алдын ала жоспарымыз бойынша кемінде үш медальға қол жеткізуді мақсат еттік. Шәкірттерім намысқа тырысты. Қоржынымызға жеті медаль түсті.
Құрама сапынан Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.
Жақында елордамызда Астанада халықаралық жарыс өтеді. Оған жиырмадан астам мемлекеттен спортшылар келеді деп күтілуде. Бұл жарыста да жоғары деңгейде шеберлік көрсетеміз деген ойдамын. Ал тамыз айының аяқ шеніне таман Оңтүстік Кореяда екінші Гран-При челенджі бар. Оған да барып қатысып қайтуды жоспарлап отырмыз. Қазан айында жылдың басты бәсекесі — әлем чемпионаты өтеді, - деді бас бапкер.
