17 сағат бұрын

Жазғы Универсиада: Кристина Овчинникова биіктікке секіру сайысынан финалға өтті

Жазғы Универсиада: Кристина Овчинникова биіктікке секіру сайысынан финалға өтті

Фото: Қазақстан ҰОК

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиада ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшы биіктікке секіру сайысының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Кристина Овчинникова 2001 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін жабық ғимараттағы Азия ойындарында 2023 жылы күміс жүлдегер атанса, 2021 жылы Ислам ынтымақтастығы ойындарында үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, осы бағдарламада Елизавета Матвеева да бақ сынаған еді. Алайда ол іріктеу кезеңінен өте алмады.

Финал бүгін, 26 шілдеге белгіленген.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

«Қайсар» 10 ойыншымен жеңіске жетті

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайсар» 10 ойыншымен жеңіске жетті

«Елімай» талдықорғандықтарға еш мүмкіндік қалдырмады

Футбол 8 сағат бұрын

«Елімай» талдықорғандықтарға еш мүмкіндік қалдырмады

«Қайрат» турдың орталық ойынында жеңіске жетті

Футбол 8 сағат бұрын

«Қайрат» турдың орталық ойынында жеңіске жетті

Вадим Шарлаимов Тбилисидегі әлем чемпионатының 1/64 финалына шықты

Басқа 9 сағат бұрын

Вадим Шарлаимов Тбилисидегі әлем чемпионатының 1/64 финалына шықты

2026 жылғы Көшпенділер ойындарында көкпар болмайды

Көшпенділер ойыны 2024 13 сағат бұрын

2026 жылғы Көшпенділер ойындарында көкпар болмайды

Тимур Құмашев пен Григорий Чеховский өмір бойына қызметінен шеттетілуі мүмкін

Футбол 16 сағат бұрын

Тимур Құмашев пен Григорий Чеховский өмір бойына қызметінен шеттетілуі мүмкін