1 күн бұрын
Семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең үздік көрсеткішке жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан семсерлесушілері әлем чемпионатында командалық сайыста ең үздік көрсеткішін қайталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы бағдарламасы бойынша жігіттер құрамасы қайтадан ширек финалға өтті.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов бастаған командамыз 1/8 финалда Қытаймен күш сынасты. Өте тартысты өткен бәсеке 38:37 есебімен біздің пайдамызға шешілді.
Енді жігіттеріміз ширек финалда әлем чемпионы саналатын Италиямен күш сынасады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2023 жылы да 1/4 финалға дейін жеткізген еді.
