2 күн бұрын
Азия чемпионаты: Қазақстан пара таэквондо құрамасы 5 медаль жеңіп алды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Құрлықтық дода пара таэквондо (пумсэ) бойынша Малайзияның Кучинг қаласында өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додаға тәжірибелі параспортшылар қатысты. Онда отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы Ахметкерей Абзал (Р31 санаты) пен Овсепян Карен (Р33 санаты) чемпион атанды. Оған қоса Жәнібек Елдос (Р34 санаты) пен Серіков Дәурен (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Расқалиев Айдарбек (Р21 санаты) үздік үштікті түйіндеді.
