18 сағат бұрын
Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Малайзияның Кучинг қаласында өткен пара таэквондодан Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада кируги санатында Мұқашев Мәлік (K41, 80 келі) чемпион атанса, Дәулетшина Айкенже (K44, 65 келіден жоғары) күміс жүлдегер болды.
Ал Ғибратжан Бақберген (K44, 58 келі), Гариполлаев Алишер (K44, 80 келіден жоғары), Қазиев Жанболат (K44, 80 келі) Сәлімгереева Марьям (K44, 65 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.
Ел құрамасынан Ахметкерей Абзал (Р31 санаты) пен Овсепян Карен (Р33 санаты) чемпион атанды. Оған қоса Жәнібек Елдос (Р34 санаты) пен Серіков Дәурен (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Расқалиев Айдарбек (Р21 санаты) үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы пумсэ мен керуги санатында жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3-еуі алтын, 3-еуі күміс және 5-еуі қола.
