1 күн бұрын
Жәнібек Әбу-Бәкір джиу-джитсудан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда ел қоржынына бірінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, джиу-джитсудан әлем чемпионы, 69 кг салмақтағы Жәнібек Әбу-Бәкір финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді.
Жарыстағы жолы:
Топтық кезең.
Райан Проаг - 50:0
Фарид Бен Али - 17:14
Жартылай финал: Ерасмо Пагано - 20:4
Бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған. Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындардың өткен тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде және 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге иелік еткен.
