1 күн бұрын

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтеді

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

Шымкент қаласында 16-30 тамыз күндері нысана көздеуден және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, он алтыншы мәрте жалауын көтеретін құрлықтық додада Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс барысында жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында жүлделер сарапқа салынады. Спортшылар екі апта бойы тапанша, винтовка, жылжымалы нысана көздеу, стенд ату сайыстары бойынша өзара бақ сынайды. 

Азия біріншілігінде 700-ден астам медаль сарапқа салынады. Нысана көздеу бағдарламасында спортшылар пневматикалық тапанша (10 м), тапанша (25 және 50 м), винтовка (10 және 50 м), сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуден жекелей және командалық сындарда сайысқа түседі. Ал стенд атуда трап, скит, скит-микс, трап-микс, дубль, жекелей және командалық бәсекелер өтеді.

Айта кетерлігі, мергендер додасына Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Азия нысана көздеу қауымдастығының (ASC) президенті шейх Салман әл-Сабах, Араб елдері және Кувейттің нысана көздеу федерациясының президенті Дуайч Алотайби, ISSF бас хатшысы Александр Никотра Сент-Джеймс қатысады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

QJ League 3 сағат бұрын

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Футбол 9 сағат бұрын

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

Футбол 9 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Футбол 9 сағат бұрын

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Футбол 10 сағат бұрын

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі

Басқа 10 сағат бұрын

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі