11 сағат бұрын
Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі

Бүгінде таеквондо Қазақстанда кең көлемде дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып саналады. Ел аумағында 75 мыңнан астам адам осы спортпен айналысса, оның 45 мыңы тұрақты түрде жаттығуларға қатысады. Бұл көрсеткіш – таеквондоның ел ішінде қаншалықты танымал әрі қолдауға ие спорт екенін дәлелдейді.
Қазіргі уақытта таеквондоға ауылдық жерлерде де ерекше көңіл бөлінуде. Ауыл жастарына да толық жағдай жасау үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бастама – елдің спорттық әлеуетін арттырып, жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Қазақстан таеквондо құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтановтың айтуынша, ұлттық құрама жаңа бағытта қайта жасақталып жатыр. «Біз тек олимпиадаға ғана емес, болашаққа жұмыс жасап жатырмыз. Жаңа буынды тәрбиелеп, оларды әлемдік ареналарға шығару – басты мақсатымыз. Бұл еңбектің жемісі алдағы жылдары көрінеді деп сенеміз. Ең үлкен арманым – Қазақстаннан Олимпиада чемпионын шығару», – дейді Есбол Сұлтанов.
Таеквондо тек спорт емес – тәртіп, табандылық пен рухани төзімділіктің мектебі. Сондықтан елімізде бұл спорт түрін кеңінен дамыту арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосылып келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
