5 күн бұрын
Геннадий Головкин Халықаралық спорттық ату федерациясының президентімен кездесті

Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Россимен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, кездесуге сондай-ақ Азия спорттық ату конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем әл-Хомуд ас-Сабах, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов қатысты.
Әңгіме барысында ISSF басшысы Лучано Росси Қазақстанда ату спортына деген қызығушылықтың артуы елдің әлемдік аренадағы беделін нығайтуға ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты нығайту және ату спортын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, 16-30 тамыз аралығында Шымкентте өтетін XVI Азия чемпионатына дейінгі дайындыққа ерекше назар аударылды.
Азия спорттық ату конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем әл-Хомуд ас-Сабах Азиядағы ату спортының даму деңгейін жоғары бағалады. ISSF бұл спорт түрінде Азия құрлығы үшін квота санын арттыру мәселесін қарастыруда.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
