8 сағат бұрын
Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік турнирі басталды

Фото: Қазақстан ҰОК
Бүгін Астанада таэквондодан (WT) «Kazakhstan Open G-1» халықаралық рейтингтік турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.
«Kazakhstan Open G-1» турнирі World Taekwondo халықаралық жарыстар күнтізбесі аясында 14-16 тамыз аралығында өтеді. Додаға 22 елден келген 750-ден астам спортшы қатысады.
Салтанатты рәсім барысында Қазақстан ҰОК президенті таеквондо дәстүріне сай жаттығу тақтасын сындырды.
Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енген жарыс үш жас санатын қамтиды. Онда жасөспірімдер, жастар және ересектер сынға түседі. Оған 750-ден астам спортшы қатысатынын растады.
Дүбірлі додаға Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебедегі (AIN) спортшылар келеді деп жоспарланып отыр.
Турнир барысында Олимпиада чемпиондары мен әлемдік таэквондо жұлдыздары бақ сынайды. Жарыс жаңартылған халықаралық ережелерге сай, KPNP K-2 жүйесі арқылы өткізіледі.
Жарыстың жалпы жүлде қоры — 15 808 000 теңге.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
