4 күн бұрын
Қазақстан құрамасы Kazakhstan Open турнирінде 10 алтын медаль жеңіп алды

Астанада таеквондодан ірі халықаралық Kazakhstan Open–2025 G1 санатындағы рейтингілік турнирдің алғашқы күні өтті.
Рейтингтік жарыстың алғашқы күнінде ересектер арасындағы жекпе-жектер қорытындыланып, Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль иеленді. Оның ішінде 10 алтын, 12 күміс және 16 қола бар.
Алтын медаль иегерлері:
- Еркебұлан Енсегенов (54 келі)
- Жавохирхан Исламов (58 келі)
- Нұрбек Ғазез (68 келі)
- Бекасыл Ергеш (74 келі)
- Батырхан Төлеуғали (80 келі)
- Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары)
- Айдана Құмартаева (46 келі)
- Нодира Ахмедова (53 келі)
- Нұрай Кұсайынова (67 келі)
- Назым Махмудова (73 келі)
Күміс медаль иегерлері:
Бекзод Қадыркулов (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Абдурахман Марипов (80 келі), Тоғжан Өмірзақ (46 келі), Рита Бакишева (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Аяжан Сапархан (67 келі), Меруерт Тікебаева (+73 келі).
Қола медаль иегерлері:
Әзірет Дүйсенбек (54 келі), Теміржан Тасқын (54 келі), Асқар Өтеген (58 келі), Изият Хасанов (68 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Таңжұлдыз Тұрымбетова (49 келі), Нұрай Бауыржанова (49 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Альмира Қанат (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі), Аида Тәукенова (67 келі), Бексұлу Көлбаева (67 келі), Дария Манасқызы (73 келі), Евгения Каимова (73 келіден жоғары), Ақсауле Ерқасымова (73 келіден жоғары).
Турнирдің қалған екі күнінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекелер өтеді. Kazakhstan Open жарысы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Күрес сарайында ұйымдастырылып жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
