4 күн бұрын
Дүниежүзілік ойындарда спорттық құзға өрмелеуден Ришад Хайбуллин қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық (Speed 4) сайысында Ришад Хайбуллин қола алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Дүниежүзілік ойындарының бағдарламасына енгізілген спорттық құзға өрмелеуден отандастарымыз 2022 жылы Бирменгем (АҚШ) және 2025 жылы Чэнду (Қытай) ғана қатысты. Нәтижесінде алғаш рет жүлдегерлер қатарына енді.
Ришад Хайбуллин қазірге дейін 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарында жылдамдық сайысы бойынша 6-орынға тұрақтаған еді.
Енді ертең Ришад Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Бекнұр Алтынбеков бастаған қазақстандық спортшылар командалық эстафетада сынға түседі.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль алды.
Дүниежүзілік ойындар 17 тамыз күні мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
