12 сағат бұрын

Қазақстан XII Дүниежүзілік ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстан XII Дүниежүзілік ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді

7–17 тамыз күндері Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындар Қазақстан құрамасы үшін табысты аяқталды. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын халықаралық додада отандастарымыз 2 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, өз тарихындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді.

Бұл жолы ел намысын барлығы 31 спортшы қорғады.

Жүлдегер атанған спортшылар:

  • Жәнібек Әбу-Бәкір (джиу-джитсу)
  • Ұлбосын Әділова (самбо)
  • Мөлдір Жаңбырбай (WKF каратэ)
  • Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (джиу-джитсу)
  • Маратбек Рахметоллин (самбо)
  • Самбодан ерлер құрамасы (Төлеухан Ниетхан, Бақытжан Дүйсембеков, Маратбек Рахметоллин, Тәңірберген Тергеубеков)
  • Самбодан әйелдер құрамасы (Аружан Кенесары, Ұлбосын Әділова, Құралай Қабрайқызы, Маржан Бизақ, Айнұр Ақжігітова)
  • Аслан Қанатбек (джиу-джитсу)
  • Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу)
  • Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу)

Тарихи жетістіктер

  • Жауынгерлік самбо 1993 жылдан кейін қайта бағдарламасына еніп, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
  • Джиу-джитсу бойынша еліміз ең үздік нәтижесін көрсетті: бұрын тек 2 қола болса, биыл 1 алтын, 1 күміс, 2 қола еншіленді.
  • Спорттық құзға өрмелеуден алғаш рет қазақстандық спортшы (Ришат Хайбуллин) қола медаль жеңді.
  • Бірқатар отандастарымыз мансаптарында алғаш рет Дүниежүзілік ойындар жүлдесіне қол жеткізді.

Бұған дейінгі көрсеткіштер

1993 (Нидерланд) – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

1997 (Финляндия) – 1 алтын, 1 қола

2001 (Жапония) – 1 алтын

2005 (Германия) – 1 күміс, 1 қола

2009 (Қытай Тайбэйі) – 1 алтын, 1 қола

2013 (Колумбия) – жүлде болмады

2017 (Польша) – 1 алтын, 2 қола

2022 (АҚШ) – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола

Дүниежүзілік ойындар туралы

Бұл дода 1981 жылдан бастап әр 4 жылда бір рет өткізіледі және Олимпиада ойындарынан кейінгі жылы ұйымдастырылады. Бағдарламаға көбіне Олимпиадаға кірмейтін спорт түрлері енеді.

Чэндуде өткен биылғы жарыста 114 елден 3962 спортшы 34 спорт түрінен бақ сынап, 256 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Келесі, XIII Дүниежүзілік ойындар 2029 жылы Германияның Карлсруэ қаласында өтеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

UFC 319 және қазақстандық ӘлІби Ідіріс жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

ММА/UFC

UFC 319 және қазақстандық ӘлІби Ідіріс жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Футбол 4 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Футзал 7 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкер міндетін атқарады

Хоккей 8 сағат бұрын

Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкер міндетін атқарады

Габи Кики «Ақтөбе» құрамынан кетті

Футбол 9 сағат бұрын

Габи Кики «Ақтөбе» құрамынан кетті