11 сағат бұрын

Қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандық әскерилер үздік шықты

Қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандық әскерилер үздік шықты

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды спорттық турнир 14–15 тамыз күндері елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Өзбекстан құрамасы екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті Ресей командасы түйіндеді.

Жаһандық доданың жабылу салтанатында CISM президенті, полковник Ролим Фильо Нилтон Гомес жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және спортшылардың тамаша дайындықпен келгенін атап өтті.

Ерлер арасында Қазақстан палуандарынан Бекжан Төлепов (55 кг), Ернұр Сүлеймен (60 кг), Сағындық Әшім (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг) және Ғалымжан Қырықбай (100 кг-дан жоғары) және ресейлік Глеб Голов (82 кг) мен Владимир Досяк (100 кг), өзбекстандық Омар Бозоров (90 кг) чемпион атанды.

Әйелдер арасында отандық спортшылардан Айжан Жылқыбаева (48 кг), Рауза Нұрмұхаметова (56 кг) және Ақерке Рамазанова (77 кг-дан жоғары) топ жарса, өзбекстандық Ситора Ильмуродова (52 кг) мен Шахноза Бозорова (77 кг), ресейлік Валентина Остапец (60 кг) мен Дарья Кузмичева (65 кг) жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, биыл «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң күшіне енді. Соның аясында елімізде ресми тіркелген 11 ұлттық спорт түрі басым спорт түрлері қатарына енгізілді. Осылайша, биылдан бастап төл спортымыз заң аясында ерекше мәртебеге ие болып, жаңа деңгейде дамуға мүмкіндік алды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

UFC 319 және қазақстандық ӘлІби Ідіріс жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

ММА/UFC

UFC 319 және қазақстандық ӘлІби Ідіріс жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Футбол 4 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Футзал 7 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкер міндетін атқарады

Хоккей 8 сағат бұрын

Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкер міндетін атқарады

Габи Кики «Ақтөбе» құрамынан кетті

Футбол 9 сағат бұрын

Габи Кики «Ақтөбе» құрамынан кетті