2 сағат бұрын
Қазақстан шахмат федерациясының атынан жалған ақша жинаушылар кімдер?

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Бұл жөнінде Қазақстан шахмат федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Құрметті достар, біз Қазақстан шахмат федерациясының атынан FIDE World Cadet Chess Championship турниріне қатысу үшін жалған қаражат жинау әрекеттері туралы ақпарат алдық. Федерация ешқандай қаражат жинауды бастамағанын атап өткіміз келеді! Мұқият болыңыз және күмәнді шоттарға ақша аудармаңы, деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ федерация барлық қатысушылар мен ата-аналарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
- Қатысу үшін төлем чемпионаттың ресми поштасынан ресми инвойс алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Барлық маңызды коммуникация тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылады. Тексерілмеген Telegram және WhatsApp чаттарына сенбеңіз! Ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қорғаңыз, - деп толықтырды федеравция.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
