11 сағат бұрын
Ақжүрек Таңатаров Алматы облысында спорт саласын басқарады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өттіе деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған үміткер қаралды. Онда еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде оған комиссия мүшелері келісім берді.
Қазір Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарады.
Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.
Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы дүниеге келген. 2012 жылы Лондон Олимпиадасын мен 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал 2017 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
