7 сағат бұрын
Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ерлер мен әйелдер арасында темптік және спринтерлік бағдарлама бойынша Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша. онда ҚР ұлттық чемпионаты, сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.
Дүбірлі додаға еліміздің 13 облысынан 75 спортшы келді. Ал жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 14 облыстан шамамен 120 спортшы бақ сынауда.
Жарыс 22 тамызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
