7 сағат бұрын
«Елорда туры»: жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы 25–27 тамыз күндері Астанада жасөспірімдер арасында велоспорттан ашық қалалық чемпионат – «Елорда туры» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыс елордалық жас талантты велошабандоз Құтжан Бағланды еске алуға арналды.
Үш күнге созылған додаға елордалық велоспорт мектебінің 100-ден аса тәрбиеленушісі қатысып, жекелей және топтық сындарда бақ сынады. Жарыс Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында өтті.
Шараға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада жүлдегері Василий Левит қатысып, жас чемпиондарды құттықтады.
Жарыс жеңімпаздары:
Ұлдар:
1-орын. Васильев Алан,
2-орын. Филатов Олег,
3-орын. Ташен Тагир
Қыздар:
1-орын. Баубек Сара,
2-орын. Қанатбек Нұрай,
3-орын. Марчевская Анастасия
13–14 жас
Ұлдар:
1-орын. Филатов Александр,
2-орын. Жапаров Ерсаин,
3-орын. Пахоруков Константин
Қыздар:
1-орын. Нұрғали Айша,
2-орын. Каиржанова Камелия,
3-орын. Анарбек Айым
15–16 жас
Ұлдар:
1-орын. Бралин Мансур,
2-орын. Жунусов Алихан,
3-орын. Бектемиров Бекзат
Қыздар:
1-орын. Кузнецова Валерия,
2-орын. Ташланова Надежда,
3-орын. Тулеухан Аруана
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елорданың спорттық дәстүрін нығайтуға серпін бермек.
Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар, кубоктар, бағалы сыйлықтар және командалық есепте велосипедтер табысталды. Сонымен қатар жарыс барысында қосымша номинациялар иегерлері анықталып, құрметке бөленді:
• «Ең жас велошабандоз» атағын қыздар арасында Айбике Кунафина, ұлдар арасында Шуиншібай Әділет иеленді;
• «Белсенді велошабандоз» номинациясымен қыздар арасында Нұрғали Айша, ұлдар арасында Пахоруков Константин марапатталды.
Чемпионат Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының, Астана қаласының велосипед спорты федерациясының және №6 БЖСМОРСМ-нің ұйымдастыруымен өтті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
