6 сағат бұрын
Таеквондодан Нодира Ахмедова Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін Муджу қаласында (Оңтүстік Корея) таеквондодан «Grand Prix Challenge G2» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бірінші жарыс күнінің нәтижесінде Ұлттық құрама спортшысы Нодира Ахмедова (49 кг) үздік үштікке кірді. Ол қола жүлдеге таласта Вьетнам спортшысын сенімді ұтты. Есеп: 2-0. Бұл Нодираның биылғы маусымдағы Grand Prix Challenge сериясында жеңіп алған екінші медалі.
Айта кетейік, 31 тамызға дейін жалғасатын жарысқа 33 елден 332 спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
