3 күн бұрын
Шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қанша ақша жұмсалатыны белгілі

Алматы әкімдігі жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатын өткізуге 231 млн теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Sport12.kz
Тиісті тендер мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды. Тапсырыс беруші – қалалық спорт басқармасы. Құжаттамада қаражаттың жарысты ұйымдастыру мен өткізуге бағытталатыны көрсетілген. Конкурсқа өтінімдер қабылдау 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
«Қазір қоғамда үнемдеу туралы әңгімелер айтылып жатқанда, спорттық іс-шараға мұншама қаражат бөлу әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті», – делінген жарияланымда.
Айта кетейік, балалар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты 2025 жылы 18 қыркүйектен 1 қазанға дейін Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
