4 сағат бұрын

«Астана - есірткісіз қала»: елордада шорт-трек маусымы ашылды

«Астана - есірткісіз қала»: елордада шорт-трек маусымы ашылды

Елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы қалалық сайыс басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 4-5 қыркүйек аралығында түрлі жас ерекшеліктері бойынша 111, 333, 500, 1000 метр қашықтықта сынға түседі.

«Бүгін маусымыздағы алғашқы жарысымызды ұйымдастырып жатырмыз. Турнирдің басты ерекшелігі - әр санат бойынша жүлдеге іліккен өрендеріміз Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Бұл жерде 2010-2016 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер әр санат бойынша сынға түседі», - деді №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Бағдат Амангелдиев.

Шорт-тректен еліміздегі үздік өңірлердің қатарына кіретін Астана қаласының жетістіктері де ауыз толтырарлық. Абзал Әжіғалиевтің Бейжің Олимпиадасындағы 4-орыны, қысқы Азия ойындарындағы жетістіктер жас балалардың ағылуына тікелей әсер етуде. Мысалы, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына елорданың 7 спортшысы енсе, ұлттық құрамада 4 спортшы Қазақстанның көк туын желбіретіп жүр.

«Қазір әлеуметтік желінің дәуірі ғой. Сол жердегі шорт-трекшілердің жеңісті сәттері кіші балаларға да әсер етті. Секцияға қосылғысы келетіндердің қарасы көп. Әрине, бұны құптаймын. Осы арқылы енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер есірткі және т.б зиянды әдеттерден аулақ болады», - деп түйіндеді №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Бағдат Амангелдиев.

Айта кетейік, 4-5 қыркүйек аралығындағы бәсекеде 70-ке жуық жас қатысушы жеңімпазды анықтайтын болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Футболдан Әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Тұран-Түркістанмен» тең түсті

Футбол 32 минут бұрын

Футболдан Әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Тұран-Түркістанмен» тең түсті

Қазақстан - Уэльс матчының бірінші таймы аяқталды

Футбол 43 минут бұрын

Қазақстан - Уэльс матчының бірінші таймы аяқталды

«Қайраттың» қарсыласы үздік шабуылшысынан айырылды

Футбол 1 сағат бұрын

«Қайраттың» қарсыласы үздік шабуылшысынан айырылды

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы өз атағын қорғауға барады

Жеңіл атлетика 2 сағат бұрын

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы өз атағын қорғауға барады

ESPN спорттық порталы Геннадий Головкинді үздік боксшылардың тізіміне қосты

Бокс 3 сағат бұрын

ESPN спорттық порталы Геннадий Головкинді үздік боксшылардың тізіміне қосты

Қазақстан мен Уэльс кездесуінде капитандық міндетті кім атқарады?

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан мен Уэльс кездесуінде капитандық міндетті кім атқарады?