15 сағат бұрын
Каратэші Тұрар Қалпақбай Азия чемпионы атанды

Қытайдың Шаогуань қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен U21 жас санатында каратэден Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін жасөспірімдер санатындағы бәсеке басталып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 3 жүлде түсті.
Кумитеден ұлдар арасында 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Тұрар Қалпақбай алтыннан алқа тақты. Ол финалда ирандық қатарласы Мұхаммед Абдоллахигорабты айқын басымдықпен ұтты.
Сондай-ақ осы жас санатында Перизат Алдаберген (-59 кг) мен Айдын Темірхан (-66 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, кеше чемпионаттың алғашқы күні кадеттер сынға түсіп, Қазақстан құрамасы 4 медальға ие болған.
Алтын - Балнұр Құрбанәлі - 14-15 жас, -61 кг
Күміс - Алмат Нұрсейіт - 14-15 жас -57 кг
Қола - Айша Ұнталап - 14-15 жас -54 кг
Қола - Мәдениет Матжан - 14-15 жас -52 кг
Шаогуань қаласындағы Азия чемпионатына қүрлықтағы 30 мемлекеттен 520 спортшы жиналды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
