22 сағат бұрын
Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қолаға таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құралмалы садақ атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған команда жарыс жолынан Польша, Эстония, Италияны шығарды. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мексикамен 231:231 есебімен тең түссе де, қосымша кезеңде қарсыластардың мерейі басым болды.
Енді Қазақстан 3-орын үшін Ұлыбритания құрамасымен таласады. Қола жүлде үшін бәсеке бүгін өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
